Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент жанынан құрылған сараптама тобы Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағыттары мен басымдықтарын айқындауға атсалысады.
Топтың негізгі міндеті – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау.
Сараптама тобының отырыстары кемінде айына бір рет өтеді. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми және іскерлік ортаның, азаматтық қоғамның өкілдері мен өзге де мамандар қатыса алады.