Қырғызстанда Жапаровқа тағы бір қарсылас шықты

Бүгін, 17:46 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қырғызстан Коммунистер партиясының жетекшісі, Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Исхак Масалиев президент сайлауына қатысу үшін қажет 30 мың қолды жинады. Ол 6 қарашада Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берген. Елде президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Kaktus.media дерегінше, 23 қарашада Масалиевті қолдап, 37 453 сайлаушы қол қойған. Қажетті межеден қазіргі президент Садыр Жапаров, сондай-ақ Сыймык Жапыкеев пен Аймен Касенов те өтті. Сайлауға қатысуға 11 адам өтініш берген. Қол жинау 8 желтоқсанға дейін жалғасады, ал кандидаттарды ресми тіркеу 23 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс. 

Масалиевті бұрынғы ішкі істер министрі Өмүрбек Суваналиев пен саясаткер Адахан Мадумаров қолдайтынын білдірді. Суваналиев бұған дейін өзі де сайлауға қатысуға ниеттенген, алайда мемлекеттік тіл бойынша сынақтан өте алмаған. Масалиевтің айтуынша, ол Мадумаровпен және “Бүтүн Кыргызстан” партиясымен өзара қолдау жөнінде уағдаласқан. 

Тэгтер:

қырғыз партия комиссия