Екі жүк көлігі соқтығысқан жерге автобус келіп соғылды: төрт адам қаза тапты

Бүгін, 09:46 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Оманда екі жүк көлігі мен жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 23 қарашада түнгі сағат 01:30 шамасында Хайма мен Тумрайт қалаларының арасындағы тасжолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуелі екі жүк көлігі бір-бірімен соқтығысқан. Артынша ішінде 26 адам болған жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған жүк көліктерінің біріне келіп соғылған.

Оқиға орнына полиция, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылған. Зардап шеккендердің 13-і орташа дәрежеде, жетеуі жеңіл жарақат алған.

Айта кетейік, соңғы бірнеше айда аталған тасжолда адам өліміне әкелген үшінші жол апаты тіркеліп отыр. 

Тэгтер:

көлік апат Оман