Колледж директоры қызметінен қуылып, 45 студент оқудан шығарылды

Бүгін, 19:53 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы агротехникалық колледжде бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Прокуратура жүргізген тексеріс барысында колледжде ресми тіркелген 45 студенттің сабаққа мүлде қатыспағаны белгілі болды. Салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Сонымен қатар 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан елеулі кемшіліктер анықталған.

Тексеріс қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылып, жеті оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал оқу орнының директоры қызметінен босатылды.

Прокуратура мәліметінше, қазір студенттер жатақханасын жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Тэгтер:

директор студент колледж