Қазақстанда жел күшейіп, қар жауады: 25 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:31 / Ахмет Қанатұлы
Фото: Shutterstock

25 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен шығыста қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік қалаларда күн жылы болып, ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кейбір қалаларында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Әсіресе Ақтау, Орал, Өскемен, Петропавл және Семей тұрғындарына желдің күшеюі болжанған.

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Астанада күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы түнде 0…-2 градус, күндіз +3…+5 градус шамасында сақталады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Алматыда күндіз ауа температурасы +13…+15 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +5…+7 градус болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Шымкентте күн жылы болады. Түнде +6…+8 градус, күндіз +18…+20 градус күтіледі. Жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс өңірлерде қар жауады

Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалаларында қар күтіледі.

Ақтауда ауа температурасы түнде +7…+9, күндіз +9…+11 градус болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Ақтөбеде түнде +2…+4, күндіз +5…+7 градус болжанады. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырауда тәулік бойы +3…+5 градус жылы болады. Қар жауып, желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Оралда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…+2 градус аралығында болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Солтүстік және шығыс қалаларда күн салқындайды

Көкшетауда түнде -2…-3 градус, күндіз +1…+3 градус болады.

Қостанайда түнде -1…-3 градус аяз, күндіз +2…+4 градус жылылық болжанады.

Петропавлда түнгі температура -3…-5 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+2 градус болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Өскеменде жаңбыр аралас қар күтіледі. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +5…+7 градус болады.

Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…-2 градус, күндіз +5…+7 градус күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Павлодарда түнде 0…+2, күндіз +3…+5 градус болады. Жауын-шашын болжанбайды.

Оңтүстік өңірлерде күн жылы болады

Түркістанда ауа температурасы күндіз +16…+18 градусқа, Таразда +14…+16 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда мен Талдықорғанда күндіз +10…+12 градус, ал Қонаевта +13…+15 градус болады.

Оңтүстіктегі аталған қалаларда жауын-шашын күтілмейді.

Орталық Қазақстанда ауа райы қандай?

Қарағандыда күндіз +3…+5 градус, түнде -1…+1 градус болжанады. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с.

Жезқазғанда түнде -1…+1 градус, күндіз +5…+7 градус болады. Жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.