Жансақтау бөліміне арналған жабдықтың ақшасын жымқырған бас дәрігер 8 жылға сотталды

Бүгін, 12:11 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Түркістан облысында бұрынғы бас дәрігер мен кәсіпкер жансақтау бөліміндегі науқастарды оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар медициналық жабдықты өз компаниялары арқылы қымбат бағамен сатып алған. Ал жабдықты басқа ұйым орнатқан.

Мемлекетке 117 млн теңге залал келтірілген. 

Оның бір бөлігіне жылжымайтын мүлік сатып алып, туысының атына рәсімдеген.

Сот шешімімен кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Астанадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді.

Тэгтер:

дәрігер Түркістан қаржы Облыс