Мемлекеттік құпияны шетелге берген шенеунік өлім жазасына кесілді

Бүгін, 12:50 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қытайдың орталық аппаратында қызмет еткен тегі Ма есімді шенеунік шетелдік барлау қызметіне мемлекеттік құпияларды бергені үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, оны шетелде жұмыс істеп жүрген кезінде шетелдік барлау қызметі өзіне тартқан. Қытайға оралғаннан кейін ол кураторының тапсырмасымен 100-ден астам барлау есебін шетелге жолдаған. Олардың 35-і кейін мемлекеттік құпия ретінде танылған.

Reuters мәліметінше, шенеуніктің өлім жазасына кесілгені хабарланғанымен, үкімнің орындалғаны туралы ақпарат жарияланбаған. 

Тэгтер:

Қытай қылмыс өлім жазасы шенеунік