Ақмола облысының Аршалы кентінде ер адам жұбайын көлікпен қағып кетті. Әйел алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам оқиға кезінде ВАЗ-2114 көлігін мас күйде басқарған. Жүргізушіні полиция ұстап, сот оны қамауға алуға санкция берді.
Қылмыстық істі Аршалы аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр. Полиция оқиғаның нақты қашан және кенттің қай тұсында болғанын әзірге жариялаған жоқ.
Істің Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеліп жатқаны да нақтыланбады.