ҚМА хабарлауынша, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді.