Қызылордада ерлі-зайыпты алаяқтарға алданып, 16 млн теңге несие алған

Бүгін, 20:41 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Анықталғандай белгісіз біреулер ер адамға банк қызметкері болып хабарласып, ақшасын «қауіпсіз есепшотқа» аударуды талап еткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алаяқтардың сөзіне сенген азамат бірнеше банктен өзінің және әйеліні атына жалпы сомасы 16 млн теңге несие рәсімдеп үлгерген.

Алайда, күмәнді әрекеттерді сезген тұрғын бірден тәртіп сақшыларына жүгінген.

Киберполиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, отбасының ақшасын сақтап қалды.

Тэгтер:

несие Қызылорда ерлі-зайыпты