Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды: 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:42 / Ахмет Қанатұлы
Фото: shutterstock

Бүгін, 26 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және батыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауса, оңтүстік қалаларда жылы, бірақ желді ауа райы күтіледі.

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Астанада көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, қар аралас жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, екпіні 23–28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1…+1 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +5…+7 градус, күндіз +15…+17 градусқа дейін жылынады. Желдің екпіні секундына 13 метрге жетуі мүмкін.

Шымкентте жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +8…+10 градус, күндіз +23…+25 градус жылы болады.

Солтүстік өңірлерде жел күшейеді

Көкшетауда жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Кей уақыттарда екпіні 30 метрге дейін күшеюі ықтимал. Түнде -1…+1 градус, күндіз +3…+5 градус болады.

Петропавлда қар аралас жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2 градус, күндіз +2…+4 градус шамасында болады.

Қостанайда да қар аралас жаңбыр болжанып отыр. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде және күндіз +1…+3 градус күтіледі.

Павлодарда жаңбыр жауады. Түнде 0…-2 градус, күндіз +4…+6 градус. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Ақтауда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Түнде +3…+5 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

Атырауда қар аралас жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы тәулік бойы 0…+2 градус шамасында сақталады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақтөбеде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде де, күндіз де ауа температурасы 0…-2 градус аралығында болады. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді.

Оралда қар аралас жаңбыр болжанып отыр. Түнде 0…-2 градус, күндіз 0…+2 градус. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.

Оңтүстікте күн 25 градусқа дейін жылынады

Таразда жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +8…+10 градус, күндіз +22…+24 градус жылы болады.

Түркістанда да жаңбыр күтіледі. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +20…+22 градус болады.

Қызылордада жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз +7…+9 градус шамасында болып, кейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +5…+7 градус, күндіз +15…+17 градус. Алайда желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Талдықорғанда да жауын-шашын болмайды. Түнде -4…-6 градусқа дейін суығанымен, күндіз ауа температурасы +16…+18 градусқа көтеріледі.

Орталық және шығыс өңірлердегі болжам

Қарағандыда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Түнде +2…+4 градус, күндіз +7…+9 градус күтіледі.

Жезқазғанда да жаңбыр жауады. Түнде +2…+4 градус, күндіз +7…+9 градус болады. Жел секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Түнде -1…-3 градус, күндіз +5…+7 градус. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Семейде де жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде 0…-2 градус, күндіз +6…+8 градус болады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы