Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:04 / Ахмет Қанатұлы
Нариман Курбанов. Фото: Нариман Курбанов

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Курбанов Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды. Отандасымыз қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтиже көрсетіп, төрешілерден 15,066 ұпай алды. Бұл көрсеткіш оған жарыстың жеңімпазы атануға мүмкіндік берді.

Екінші орынға Ресей өкілі Ранель Сафиуллин тұрақтады. Ол 14,300 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал тағы бір ресейлік гимнаст Даниел Маринов 13,866 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Тэгтер:

спорт Нариман Курбанов гимнастика