Екібастұзда ток соққан жұмысшы мерт болды

Бүгін, 12:46 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясының аумағында 42 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 19 қарашада болған. Павлодар облысының еңбек инспекциясы таратқан мәліметке сәйкес, жұмысшыны электр тогы соққан.

Марқұм электр станциясының штаттағы қызметкері болмаған. Ол станция аумағында жұмыс жүргізген мердігер мекемеде еңбек еткен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Екібастұз жұмысшы марқұм ток