Астана мен Ақмола облысында көктайғақ болуы мүмкін: Жүргізушілерге ескерту жасалды

Бүгін, 19:26 / Ахмет Қанатұлы
Фото: pexels.com

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Астана қаласы мен Ақмола облысындағы жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады. Кешкі уақытта ауа температурасының төмендеуінен жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 26 қарашада Астана мен Ақмола облысында жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болған. Алайда кешке қарай күн суытып, жол бетіндегі ылғал мұзға айналуы ықтимал. Бұл әсіресе қала сыртындағы автожолдарда көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» мамандары жүргізушілерге көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде ерекше сақ болуды ескертті. Мұндай учаскелерде ауа температурасы төмендеген кезде жол беті тез мұздануы мүмкін.

«Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде сақ болыңыз. Бұл тұстарда мұз қату қаупі жоғары. Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болғанымен, кешке қарай жол тайғақ болуы мүмкін. Өзіңіздің және өзге адамдардың өміріне қауіп төндірмеңіз», – делінген компания хабарламасында.

Ұлттық компания ауа райы құбылған кезде жолға шығатын азаматтарға бірнеше қауіпсіздік шарасын ұсынды.

Тэгтер:

Астана көлік Ақмола облысы