Семейде нәрестені қоқысқа тастаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 15:51 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семейдегі қоқыс контейнерінен табылған жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот барысында жаңа туған сәбиді ер адам қоқыс контейнеріне тастап кеткені анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, нәресте тірі туған және денесінің шамадан тыс салқындауынан шетінеген. 

Осыған байланысты сот ер адамды ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал баланың анасы ҚР ҚК 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Алайда бұл қылмыс ауырлығы орташа санатқа жататындықтан және рақымшылық актісінің аясына іліккендіктен, әйел тағайындалған жазаны өтеуден босатылды.

Тэгтер:

Абай нәресте Облыс