Алматыдағы өрттен қаза тапқандар арасында Өзбекстан азаматтары бар

Бүгін, 21:20 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрттен Өзбекстан азаматтары да қаза тапқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдар иіс газынан уланып көз жұмған. Қазіргі уақытта олардың мәйітін Отанына жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні сегіз бөлмесі жалға берілетін жеке тұрғын үйде болған. Тілсіз жау бес адамның өмірін қиды. Олардың арасында бала да бар.

Қаза тапқандардың қаншасы Өзбекстан азаматы екені әзірге нақтыланбаған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Өрттің шығу себебі мен қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

алматы өрт апат