Қазақстан құрамасының балуаны Асыл Айтақын Өжет шағынауданында сайлауға қатысты

Бүгін, 13:56 / Ахмет Қанатұлы
Фото: United World Wrestling

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асыл Айтақын Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Спортшы Өжет шағынауданындағы №156 мектепте орналасқан №549 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның пікірінше, қала спортын дамытудағы өзекті мәселелердің қатарында жаңа спорт үйірмелерін ашу, спорт алаңдарын жаңарту, сондай-ақ Алматының әртүрлі ауданында балалар мен жасөспірімдердің жаттығуына қолжетімді жағдай жасау бар. Тұрғындар осы сауалдарды мәслихат депутаттарының алдында көтере алады.

Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде қалада тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға арналған бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.