Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін, 14:16 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы 29 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барды. Президент Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Айта кетейік, 29 қарашада елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Мәслихаттар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен қалалардың жергілікті өкілді органдары. Олар жергілікті маңызы бар мәселелерді қарауға, өңірлердің даму жоспарлары мен бюджеттерін бекітуге, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев