Касенов: Freedom туралы жазған соң қысым басталды.

9 маусым, 2025 / Arasha.kz

МИА KazTAG бас редакторы Амир Касенов агенттіктің Freedom Holding Corp. құрылымына және оның негізін қалаушысы Тимур Турловқа қатысты жариялаған резонанстық материалдарынан кейін өзіне және редакцияға қарсы жала жапқан шабуылдар мен қысым әрекеттері басталғанын мәлімдеді.

«Құрысын атақ! Даңқ күтпеген жерден келді… Мұндай жағдайларда кейбіреулердің жала жапқаны кез келген жақсы пікірден артық деп жатады ғой. Қоғам алдында жауап беруге дәті жетпеген соң, анонимді қоқыс сайттарға тапсырыс бере бастаған сияқты», — деп жазды Касенов Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, жалған ақпараттар Қазақстан юрисдикциясынан тыс шетелдік домендерде жарияланып, ресейлік арнайы қызметтермен байланысы бар Telegram-арналар арқылы, әсіресе «ВЧК-ОГПУ» каналы арқылы таралып жатыр. Бұл — Қазақстаннан тыс жерде орналасқан мүдделі құрылымдардың қатысы бар болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Касенов сондай-ақ KazTAG жариялаған барлық материалдардың ресми сұрау хаттары мен мемлекеттік органдардың жауаптарына негізделгенін, ал редакция әлі де түрлі қорқытулар алып отырғанын айтты.

Қалай басталды?

2024 жылдың наурызынан бастап KazTAG редакциясы Freedom Finance қызметіне қатысты бірқатар тергеу материалдарын жариялап келеді. Атап айтқанда:

Офшорлар және қаржылық пирамида белгілері

Қосымша тергеулер

Freedom үнсіз, жәбірленушілер наразы

Каппарова мен зейнеткерлер — Тоқаевқа үндеу жолдады

Касеновтың сөзінен үзінділер:

«Freedom пен Турлов туралы жаза бастайсың, сені «ресейлік дереккөздер» жамандай бастайды. Біреулер үшін қаржы былығының беті ашылғаны тиімсіз болса керек».

«Мен еліміздегі ең принципті, сатылмайтын журналистердің бірімін… KazTAG ешқашан жалған ақпарат таратпайды, ақша үшін тақырып жазбайды, тапсырыспен жұмыс істемейді. Егер біз жазсақ, демек қоғам білуге тиіс».