Алматыда иесіз жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек іске қосылды.

19 ақпан, 2025 / Arasha.kz

Алматыда иесіз және бұралқы жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі жұмысын бастады. Жаңа бастама төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және зардап шеккен жануарларды клиникаларға жеткізуге бағытталған.

• Барлық қажетті жабдықпен қамтылған екі арнаулы бригада құрылды.

• Тасымалдау үшін торлар, зембілдер және медициналық құралдармен жабдықталған жүк көліктері пайдаланылады.

Жедел ветеринарлық көмекті мына жағдайда шақыру қажет:

— Ауыр жарақаттар: жол апаты, құлау.

— Улану.

— Қауып алу: инфекция мен асқыну қаупі.

— Жедел жағдайлар: коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу проблемасы.