• «Қытайда ата-аналары ұсталғаннан кейін ұйғыр балалар «жетім» болып есептеледі» тақырыбымен Уашингтон Пост көлемді мақала жариялады. Осы мақаланы оқи отырып, Шыңжаңда тек ұйғырлар ғана емес, қазақтың балалары да қысымшылық көріп жатқанын байқауға болады.
    Қытай үкіметі мыңдаған «қос тілді» мектептер салып, шағын ұлттардың балалары мандарин тілінде оқытылып, өздерінің ана тілдерінде сөйлегені үшін жазаланып жатқаны айтылады. Ұйғырлардың сөзінше, ол мектептердің кейбіреулері балаларға міндетті болуы мүмкін. Алайда қазақ отбасының баласы тіпті бес жастан интернатқа тәрбиеленуге алынған.

    Қытай балалар үйлері жағдайы нашар балаларға көмектесіп жатыр екен, сондай-ақ балалардың ата-аналары үшін интернделген лагерьлердің болуын да жоққа шығаруда. Шыңжаңда миллиондаған юань кедейшілікті жою мен терроризмнен аулақ болу үшін адамдарға  білім алу мақсатында жұмсалып жатқанын мақтан тұтуда. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэң Шуаң (Geng Shuang) бейсенбі күні кезекті баспасөз мәслихатында Шыңжаңда қабылданған шаралар «тұрақтылық, даму, үйлесім» және этникалық сепаратистерге қарсы тұру үшін қажет деп мәлімдеді.

  • Индиана штатындағы Роза-Хулман технологиялық институтының (Rose-Hulman Institute of Technology) профессоры Тимоти Грос (Timothy Grose) Шыңжаң мектеп-интернаттарында зерттеу жүргізгеннен кейін, «ең алдымен саяси мақсаттардың орындалуы, ал білім беру – кейінгі орында», деген тұжырымға келген. Оның айтуынша, «олар тұтас бір халық құру үшін… этникалық ерекшеліктерді жоюды мақсат тұтуда».

    Қуғынға ұшырап, Алматыда жүрген шұлық сатушы қазақ Әділ Дәлелханның бес жасар ұлы туыстарымен бірге тұруға мүмкіндігі болса да, дүйсенбіден жұмаға дейін мектеп алды даярлықта қалуға мәжбүр болған. Әкесі осы саясатты қазақ мәдениетін сөндіруге бағытталған «қорқынышты» қадам деп атады.

  • Осындай оқиғаны Стамбулда тұратын ұйғыр кәсіпкер де айтты. Оның да есімі Әділ екен. Әділдің баласы 9 жасқа толған кезде мектеп жүйесі оны автоматты түрде мектеп-интернатына ауыстырған. Олар тұратын ұйғыр ауданындағы барлық тоғыз жастағы балалар мектеп-интернатқа баруға мәжбүр болғанын айтты. Оның ұлына демалыс және мереке күндері ғана үйге келуге рұқсат берілген.
    Әділ мектепті «Қашқардағы хайуанаттар бағындағыдай темір тормен қоршалған» деп еске алды.

  • Сидней университетінің тарихшысы Дэвид Брофи (David Brophy), осындай мектеп-интернаттарға көшуді 1900-шы жылдары Австралияда балаларды отбасыларынан күштеп ажыратып, мемлекеттік мекемелерге өткізген кезді еске түсіретіндігін және осындай саясат жергілікті тұрғындардың өзіндік ерекшеліктерінен айырылуына әкеп соққандығын айтты. «Егер Қытай саясаты осы бағытта жалғаса берсе, «ұрланған ұрпақтың» қытай нұсқасы туралы айтуымыз мүмкін», – деді ол.

Дереккөз: washingtonpost.com