02-10-18 | 16:26
Қырғызстан президентінің аппараты: Жээнбеков карикатураға күлді.
Қырғызстан президенті аппараты Сооронбай Жээнбековті бейнелеген карикатураға арыз-шағымы жоғын, президент мұны әлеуметтік желі арқылы көргенін мәлімдеді.

“Карикатурашының жұмысы мемлекет басшысының күлкісін келтірді. Ол бас прокуратура авторды тергеуге шақырды деген ақпарат шыққанға дейін ол туралы ұмытып та кеткен еді. Бұл президент аппараты үшін жағымсыз тосынсый болды” делінген хабарламада.

Бұған дейін Бішкек дизайнері Никита Тарасенко Сооронбай Жээнбековтің жазғы демалысы деп баспасөз қызметі жариялаған суреттерге карикатура жасап, интернетке жариялаған. 29 қыркүйекте оны Бас прокуратура шақырып, түсініктеме жазғызған.

Карикатура авторының сөзінше, прокуратура өкілдері Бішкек тұрғыны хабарласып, “Тарасенко президентті мазақ етіп жатыр деп арызданғанын айтқан. Осыдан кейін оны кездесуге шақырып, сөйлескен.

Дизайнер прокуратура өкілдері өзіне ешқандай ескерту жасамағанын, тек сөйлескенін айтты.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.