«САЙЛАУ 2021»: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАНДА САЯСИ НАУҚАН БІР КҮНДЕ БАСТАЛДЫ.

10 қаңтар, 2021 / Arasha.kz

Бүгін 10 қаңтар күні Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Таңдау — билікті қолдайтын бес партия арасында жүреді. Олар — «Қазақстан халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол» және «Адал» партиялары. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік филиалдары байқаушыларынан өзге​ ТМД мен​ ЕҚЫҰ​ өкілдері​ бақылайды.
Қазақстандағы оппазициялық топтар үндеу жасап, халықты митингке шақырып жатыр.
Ал бауырлас Қырғызстанда дәл осы күні мерзімінен бұрын белгіленген президенттік сайлауға дауыс беру басталды.