ҰҚК арнайы қызметі Алматы маңында екі шетелдікті ұстады.

13 қаңтар, 2024 / Arasha.kz

ҰҚК жедел қызметкерлер Алматы маңында екі шетелдікті қылмыс үстінде ұстады.

«ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті. 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады», — деді ҰҚК баспасөз қызметі.

 Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.

 Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.