Үкімді пара бергендер пайдасына шешкен судья 10 жылға абақтыға қамалды.
Үкімді пара бергендер пайдасына шешкен судья 10 жылға абақтыға қамалды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтік лауазымға орналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.

«Сүлейменовке оның шығарған үкімін қолдау үшін облыстық судьяларға беруді сылтауратып, орман шаруашылығы директоры Юлдашовтан 12 миллион теңге көлемінде ақшаны алдау жолымен алды деген айып тағылған. Алайда облыстық сот Юлдашовты соттап жіберген. 2021 жылы 22 шілдеде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті 9 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істемеуге үкім шығарды», – деп хабарлады Бигайдаров брифингте.

Сот үкімі бойынша Юлдашов пара бергені үшін және Имиров пара алуға қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу 2020 жылдың қыркүйегінде басталды. Заң қызметкері ақша төлегендердің пайдасына үкім шығарған.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.