Мәсімовтің үстінен тағы да іс қозғалды.

14 қараша, 2023 / Arasha.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үстінен тағы қылмыстық іс қозғалды.

К.Мәсімовке қатысты ҰҚК 218-бабы «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)» және 366-бап – «ірі мөлшерде пара алу» баптарында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, — делінген ҰКҚ ресми өкілінің Ulysmedia тілшісіне берген жауабында.

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясымен тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласындағы ҰҚК оқшаулау орнына жеткізілген.

Arasha.kz

ФОТО: inbusiness.kz