Астанада 93 жастағы кейуана коронавирустан жазылып шықты (видео).

23 сәуір, 2020 / Arasha.kz

фото: видеодан алынған скриншот

Нұр-Сұлтан қаласында 93 жастағы кейуана коронавирустан айықты. Ол кісіні дәрігерлер қол соғып шығарып салды.

Видео: coronavirus2020.kz

Сондай-ақ Жамбыл облысында 86 жастағы қарт кісі де коронавирустан жазылып шыққан.

Қазіргі кезде коронавирустан 604 адам жазылып шыққан.