Коронавирусқа шалдыққандар саны 67 адамға жетті.

23 наурыз, 2020 / Arasha.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 наурыз, таңертеңгі жағдай бойынша мәліметінше, елде коронавирус жұқтырған адам саны 67 жеткен. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам.