Қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ.
Қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ

Қостанайлық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ. Мұндай келеңсіз жағдайға кір тасын көтерушілер қалып отыр. Ал бұл ретте елімізде кір тасын көтерушілер арасында осы аймақтың спортшылары үздік саналады. Биыл ел чемпионатында 15 алтын медаль жеңіп алғанына қарамастан енді олар әлемдік жарыстарға баруға өздері қаражат жинап жүр. Бұл туралы «Информбюро»  хабарлайды. 

 

«Логикалық және ережелерге сәйкес бұл функцияны бұрынғы ДШНК деп аталатын спортты дамыту дирекциясы өз бақылауына алуы қажет. Шындығына келетін болсақ ел чемпионы атанған спортшыларды халықаралық жарыстарға шығару олардың міндеті. Республикалық федерацияға шықтым, алайда ол жақтан ақша жоқ деген жауап алдым», – дейді К.Оспанова атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Олег Комаров.

Венгрияда өтетін әлем чемпионаты келесі аптада басталады. Ол жаққа бір спортшының баруы үшін 600 мың теңге қажет. Олег Комаровтың төрт тәрбиеленушісі біздің еліміздің атынан лайықты түрде өнер көрсетіп алтын әкеле алады, бірақ ақшаны тек үш спортшыға ғана бөлген.

Рекордшы және Азия чемпионы Екатерина Литвинова чемпионатты өткізіп алуға мәжбүр. Жаттықтырушының айтуынша, халықаралық жарыстарға қатысу үшін ақшаны жыл сайын іздеуге тура келеді, ал кейде демеушілер мен әкімдік қол ұшын береді. 

Талантты жастар көп, тек жергілікті бюджеттен барлығына бірдей қолдау көрсетілмейді. Жаттықтырушының пікірінше, бұл міндет министрлікке қарасты спортты дамыту дирекциясына жүктелген. Ол жерде алдағы әлем чемпионатына баруға ақша жоқ екенін ашып айтқан. Пандемия мен бюджеттік шектеулерге байланысты тек ел ішінде жарыстарды ұйымдастыруға ғана қаражат бөлінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.