Алматы көлдерінде балық қырылды.
Алматы көлдерінде балық қырылды

Алматы қаласында “Көкөзек-1” көлінде балықтар жаппай қырылды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

Аталған мәселе туралы ең алдымен су қоймасын жалға алушы адам хабарлады. Олар көрші коммуналдық кәсіпорындар жағдайға себепкер дейді. Ол жерде кәріз бұзылған деп болжануда. Көкөзек көлінен теріс айналып жатқан балықты кәсіпкер Денис Громоздов анықтаған.

Жайнақ шағын ауданы маңындағы кәріз құбырының жарылуын тұрғындар мен жергілікті блогерлер анықтаған.

“Бұл «Алматы су» құбырлары екен. Екі қысымды кәріз, фекальды, ағынды сулар, тазартылмаған, олар тек тазарту қондырғыларына барады. Диаметрі 600 мм болатын олар тікелей тоғанның үстінен өтеді», –  деді Громоздов.

«Алматы су» тергеу амалдары бәрін анықтайтынын айтты. Алайда компания қызметкерлері оқиға орнына келіп, іздерін жасырмақшы болған.

Біреу тесікті жабуға тырысқан, осы жерден цемент пен шүберектер табылды”, – дейді кәсіпкер.

Полиция әлі кінәлілерді анықтаған жоқ. Тиісті сараптама тағайындалды. Күдіктілердің арасында қант зауытының өкілдері де бар.

Көлді жалға алған кәсіпкер көлді өлі балықтан өзі тазартқанын айтады.

Айта кетейік, көлде күміс тұқы, қабыршақты тұқы, амур сияқты балықтары мекендейді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.