Қостанай облысы Меңдіқара ауданының орталығы Боровское елдімекенінде төтенше жағдай орын алды деп хабарлайды arasha.kz жергілікті alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер жергілікті АІІБ (аудандық Ішкі істер бөлімі) ғимаратына оқ жаудырған. Қостанай облысы ІІБ аталған фактіні растап, мынандай мәлімдеме жасады: «Төтенше жағдай 2018 жылдың 16 қазанында болды. Түр-әлпеті анықталмаған бәзбіреулер машинада отырып, полиция бөлімшесіне оқ атқан және оқиға орнынан қашып кеткен. Жапа шеккендер жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» -деп хабарлайды Қостанай облысы ІІБ.

Дереккөз: alau.kz