Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында індет жұқтырғандар көбейді.

18 сәуір, 2021 / Arasha.kz

Елімізде өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Алматы қаласында бір тәулікте індет жұқтырғандар саны 600-ден түспей тұр. Өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында індет жұқтырғандар саны екі есеге артқан. Ал Нұр-Сұлтан қаласында инфекция жұқтырғандар азайған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы — 436

Алматы қаласы — 665

Шымкент қаласы — 114

Ақмола облысы — 98

Ақтөбе облысы — 206

Алматы облысы — 251

Атырау облысы — 110

Шығыс Қазақстан облысы — 85

Жамбыл облысы — 46

Батыс Қазақстан облысы — 205

Қарағанды облысы — 220

Қостанай облысы — 30

Қызылорда облысы — 35

Маңғыстау облысы — 80

Павлодар облысы — 50

Солтүстік Қазақстан облысы — 35

Түркістан облысы — 53.

Ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 720-ға жетті.