Елімізде баспана бағасы тағы қымбаттады.

8 наурыз, 2021 / Arasha.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда 2021 жылдың ақпан айында да тұрғын үй бағасы өсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бір айда (2021 жылғы қаңтар-ақпан) абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы 3,1%-ға, жаңасын сату — 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,6%-ға қымбаттады», — деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Республика бойынша шаршы метрдің орташа бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айына қарай өсім 7,7% құрады.

Бағаның өсуі — 19,1%.

Тұрғын үйді жалға алу кезінде шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгеге бағаланып, 10,7% өсім байқалады.