Коронавирус: Елімізде 351 адамның жағдайы ауыр.

28 наурыз, 2021 / Arasha.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 1492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

29 наурыздағы мәлімет бойынша,  елімізде 23 797 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 102 пациент стационарда, 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

351 адамның жағдайы ауыр;

79 пациенттің жағдайы өте ауыр;

43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы — 346,
Алматы қаласы — 415,
Шымкент қаласы — 45,
Ақмола облысы — 52,
Ақтөбе облысы — 61,
Алматы облысы — 120,
Атырау облысы — 75,
Шығыс Қазақстан облысы — 38,
Жамбыл облысы — 19,
Батыс Қазақстан облысы — 94,
Қарағанды облысы — 88,
Қостанай облысы — 39,
Қызылорда облысы — 13,
Маңғыстау облысы — 10,
Павлодар облысы — 46,
Солтүстік Қазақстан облысы — 21,
Түркістан облысы — 10.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 241873.