Қызылордалық шенеунік пара алғаны үшін қамауға алынды.

12 тамыз, 2021 / Arasha.kz

Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Шенеунік жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып бергені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғандығы әшкере болды.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Басқа ақпараттар тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.