Жаңа жыл мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?.

11 қараша, 2019 / Arasha.kz

Жаңа жыл мейрамында қазақстандықтар 4 күн демалады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет 2020 жылдағы демалыс күндерін ауыстыру кестесін бекітті. Кестеге сай, 2020 жылдың 5 қаңтарын, яғни жексенбі күнді 3 қаңтар жұма күнге ауыстырылып отыр.

Яғни Жаңа жыл мейрамында еліміз қаңтардың 1-нен 4-не дейін демалатын болады.