Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болды.
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болды

Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.  

2018 -2020 жылдары  Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2020-2022 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk