Елімізде індет жұқтырған 48 науқас аппаратта жатыр.

4 ақпан, 2021 / Arasha.kz

Елімізде індет жұқтырған 265 адамның жағдайы ауыр. 48 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызылған. Бәр тәулікте 1 186 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

5 ақпандағы мәлімет бойынша,  Қазақстанда 27 480 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 734 пациент стационарда, 21 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 192 825 жетті. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 186 жағдай тіркелді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында -22763(+120)

Алматы қаласында — 22551(+112)

Шығыс Қазақстан облысында — 20534 (+64)

Атырау облысында — 16335(+44)

Павлодар облысында — 14538(+225)

Қарағанды облысында — 14175(+79)

Ақмола облысында — 11661(+164)

Батыс Қазақстан облысында – 11395(+88)

Солтүстік Қазақстан облысында — 11243(+64)

Қостанай облысында — 10646(+83)

Алматы облысында — 9556(+71)

Шымкент қаласында -5914(+9)

Жамбыл облысында — 5636(+22)

Түркістан облысында — 4157(+9)

Маңғыстау облысында — 4098(+17)

Ақтөбе облысында -3993(+12)

Қызылорда облысында -3630(+3)