34 мыңнан астам адам Қазақстаннан кетіп қалған.
34 мыңнан астам адам Қазақстаннан кетіп қалған

Өткен айдың басында Қазақстан халқы саны 18,4 млн — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3% артық. Статистиканы ranking.kz хабарлйды.

Қазақстан халқының 58,2% қалалы жерде, 41,8% ауылда тұрады. Қала халқының саны 10,7 млн жетіп, 2,6% құрап отыр. Ауыл тұрғындары болса  7,7 млн  құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,5% азайған.

Соңғы үш тоқсанда ішкі миграция 825,9 мың адамды құрады. Ал 34,2 мың адам елден кетіп, 8 мың азамат Қазақстанға көшіп келді. Халықтың ішкі миграция сальдосы өсіп отыр −26,2 мың адам (бір жыл бұрын −22,2 мың тұрғын еді).

Көшіп-қонуда еңбекке жарамды адамдар көш бастап тұр (16 жастан зейнеткерлікке дейін): Қазақстанға көшіп келген еңбекке жарамдылар саны 6,2 мың адам болса, көшіп кеткендер —  23,6 мыңды құрап отыр. Ал 11,1 мың елге келушілер мен 9,1 мың кеткендер балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер екен, 0,7 мың келушілер мен 1,5 мың көшіп кеткендер — зейнеткерлер.

Қазақстанға көшіп келгендердің көбі қазақтар болып шықты. Келушілердің жалпы саны 4,5 мың адамды құрап, оның ішінде 1,7 мың орыс, 217 мың қарақалпақ ұлтынан екен.

Қоныс аударғандардың көбі орысар (25 мың адам) және немістер (2,4 мың адам), украиндықтар (2,3 мың адам).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk