Тоқаев айтқан соң коронавирус пен пневмония есебі біріктірілмек.

16 шілде, 2020 / Arasha.kz

Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды.

«Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», — деді министр Алексей Цой.

Оның айтуынша, осылайша COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі. Еске сала кетейік, кеше  президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген еді.