Кәсіпкерден 27 миллион теңге және «Mercedes Gelandewagen» автокөлігін қорқытып алмақшы болған.

19 маусым, 2019 / Arasha.kz

Астаналық бір кәсіпкерден қылмыстық топ 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі аумағы 10 соток жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинаны қорқытып алмақшы болған. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс жасау кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қару және сырт кескіні жауынгерлікке ұқсас атыс қаруының нобайларын қолданып, «М»-ның және оның отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.