«Роснано» басшысы Анатолий Чубайс «Снобқа» берген сұхбатында Ресейдің экономикалық өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен төмен болуы себепті, өмір сүру деңгейі тұрғысынан АҚШ пен Еуропадан ғана емес, Грекия, Қазақстан және Түркиядан да артта қалатынын айтты.

«Бұл артта қалу экономиканың ауқымында емес, өмір сүру деңгейі бойынша. Ресей адами капитал, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы барлық компоненттер бойынша әлемнің қалған бөлігінің артында қалып қоюына әкелетін сценарийге ұшырау қаупі бар», – деді ол.

«Егер өсу қарқыны осы деңгейде сақталып қалса, әлемдік экономика жылына 3,5% (бұл шындыққа өте жақын) қосады, ал біз 1,5-2% (бұл да, өкінішке орай, шындыққа жақын) қосамыз, онда мүлдем оптимистік  емес тренд байқалады. Бұл — дүние жүзінің басқа елдерінен барған сайын көбірек артта қала беретінімізді білдіреді», – деді Чубайс.