Астанада коронавирустан үш адам қайтыс болды.

17 маусым, 2020 / Arasha.kz

18 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды.

Олар: ер адам — 1963 жылы дүниеге келген және екі әйел адам — 1952, 1946 жылы дүниеге келген.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 100 адам қайтыс болды.