Қазақстанда коронавирустың таралуы шегіне жеткен жоқ.

9 сәуір, 2020 / Arasha.kz

Алдағы екі аптада коронавирустың таралуы шегіне жетеді делініп отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.

«Елдегі індеттің шыңы әлі өткен жоқ. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин шараларының күшеюіне байланысты эпидемияның айтарлықтай баяулауына қарамастан, эпидемия Қазақстанның басқа да аймақтарында дамуда.

Індеттің таралу шыңы бiр-екі апта iшiнде күтіледі» дейді Жақселекова.