Алкоголь тарихи тұрғыдан алғанда, көптеген адамдар үшін әлеуметтік интеграция мен коммуникацияда маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік ішімдік немесе алкогольді қалыпты тұтыну көптеген адамдар үшін жағымды уақыт өткізу, әрі стресс пен алаңдаушылықты азайтудың жолы.

Дегенмен, алкоголь тұтыну – әсіресе шектен шығып кету – көптеген жағымсыз жайттарға ұрындырады. Ауруға шалдығу мен денсаулыққа кері әсер етуінің қауіпті факторы орын алатынын да білеміз, мысалы, қылмыс; жол-көлік оқиғалары; ал кейбіреулерінде ішімдікке тәуелділік бар.

Бүкіл әлем бойынша алкогольді тұтыну деңгейі әр-түрлі дейді Our World in Data. Төмендегі карта 15 және одан жоғары жастағы адамдар үшін орташа жан басына шаққандағы тұтынуды көрсетеді. Алкогольді ішімдіктердегі (мысалы, сыра, шарап, спирт) алкоголь құрамының айырмашылығын түсіндіру үшін, бұл жылына таза алкоголь литрінде көрсетіледі.

Біз үлкен географиялық айырмашылықтарды көреміз: әсіресе Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста алкогольді тұтыну төмен – көптеген елдерде нөлге жақын. Шкаланың жоғарғы жағында Шығыс Еуропада алкоголь тұтынуы Беларусь, Ресей, Чехия және Литва елдерінде жылына 14-17 литрден жоғары.

Ал Қазақстан 2015 жылдың дерегі бойынша алкогольді ішімдіктер тұтынуда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері бойынша Беларусь пен Ресейден кейін орналасқанымен, Орта Азия елдерінің арасында бірінші орында.

Спирттік тәуелділіктен өлім тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Алкогольді ішімдіктерді пайдаланудан болған өлім өзіне қол жұмсау арқылы жанама түрде жүзеге асуы да мүмкін. Өзін-өзі өлтірудің себебін нақты анықтау өте қиын болса да, алкогольді ішімдіктерді бейберекетсіз пайдалану – белгілі, әрі анықталған тәуекел факторы. Алкогольге тәуелді адамның өзіне-өзі қол жұмсауы салыстырмалы түрде алкаголь ішпейтін адамға қарағанда 10 есе жоғары саналады.

Спирттік ішімдіктерден 2016 жылы Ресейде өлім-жітім деңгейі өте жоғары болды. Алкоголизмнен өлетін 100 000 адамға шаққанда шамамен 17 адам. Көптеген елдерде бұл өлім көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 1-ден 5-ке дейін.

Алкогольді ішімдіктер салдарынан болған өлім Қазақстанда 1990-2016 жылдар деректері бойынша жоғары өрлеуде. Әлем бойынша 2016 жылы шамамен 175 мың адам ішімдік ішкендігі үшін көз жұмған.

Нұржан Көшкін