Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды.

25 наурыз, 2020 / Arasha.kz

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Бұл — орны толмас қаза. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау мекемесі марқұмың медициналық анықтамасын түгелдей береді. Бұл коронавирустың қаншалықты қауіпті екенінің кезекті дәлелі» деді Д.Абаев.