Шымкентте полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталуда.

29 маусым, 2025 / Arasha.kz

Шымкентте полиция басшысының орынбасарына қол астындағы әріптесін зорлады деген айып тағылды.

«Әйел адамның арызы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазғандай, кеше Еңбекші аудандық полиция қызметі басшысының орынбасары Ерлан Жұмановқа қатысты арыз түскен. Ол өз әріптесін зорлады деп айыпталып отыр.

Оның айтуынша, арыз жазған — майордың әріптесі, құқық қорғау органдарының қызметкері. Журналистің мәліметінше, ол әйел қазір жүкті, сәби күтіп жүр.

«Тергеуді Тұран аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр, іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелген, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді журналист.