28-11-18 | 15:22
Шымкенттің әкімі халықты әйелге теңеді.
Шымкенттің әкімі халықты әйелге теңеді

Кеше Астанадағы орталық коммуникациялық қызметінде Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша брифинг берген Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов: “Жалпы неге екені белгісіз, мен үнемі халықты әйелмен салыстыра қараймын. Халық әйел секілді. Қамқорлықты сүйеді, махаббатты, жылылық пен назар аударуды қалайды. Мұны дер уақытында бермесе, ол көтеріледі, солай емес пе? Халықпен дәл солай қатынас жасау керек деп ойлаймын” депті. Әкімнің бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.