Астанада белгісіз біреулер LRT вагондарын бояп кеткен.

24 маусым, 2025 / Arasha.kz

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай маңындағы станцияда белгісіз адамдар жеңіл рельсті көлік (LRT) вагондарына граффити салған. Граффитилері бар вагондардың суреттері әлеуметтік желілерде тарады.

LRT қызметін көрсететін City Transportation System (CTS) компаниясы бұл вандализм фактісін растады және мәліметтің құқық қорғау органдарына берілгенін хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

CTS өкілдері вагондардың сырты арнайы қорғаныс қабатымен қапталғанын, бұл бояудың негізгі лак-бояу қабатына сіңіп кетуіне жол бермейтінін айтты.

Осы қорғаныс қабаттың арқасында граффитиді негізгі жабынға зиян келтірмей өшіруге болады. Қазіргі уақытта суреттерді өшіру жұмыстары басталды.

Фото: myastanacity