ҰҚК Антикор қызметінің қайта ұйымдастырылуына қатысты пікір білдірді.

1 шілде, 2025 / Arasha.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қайта құрылуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, комитеттің хабарлауынша, құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мұрагерлігі рәсімдері толық аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы тәртіпте жұмысын жалғастыра береді.

Еске салайық, 30 маусымда Мемлекет басшысының жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылып, қайта ұйымдастырылды. Соның негізінде жаңа ведомство – «ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» құрылды.